«Басына оқ атты»: Қарағандыда тағы бір сарбаз көз жұмды
Қылмыстық іс қозғалды, мән-жайлар анықталуда
Қарағанды облысы Приозерск гарнизонының әскери қызметшісі өзін атып өлтірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға Қарағанды облысының әскери бөлімдердің бірінде орын алған. Бұл туралы әлеуметтік желілерде жазылды.
Қорғаныс министрлігі бұл деректі растады.
Марқұмның қызметке кіріскеніне екі-ақ апта болған. Қазіргі уақытта оның өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр.
"4 қазанда Приозерск гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді басшы бекітілген қарудан басына оқ атты. Іс әскери қызметіне қатысы жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өз-өзіне қол жұмсаған. Қылмыстық іс қозғалды, мән-жайлар анықталуда", - деп хабарлады ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.
Ведомство сарбаздың туыстары мен жақындарына қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.