Саясат

Талғар әкімі мен оның орынбасары қызметінен босатылды

Бақыт Күрішбеков 2022 жылы маусымда Талғар әкімін сайлауда жеңіске жеткен болатын

Талғар әкімі Бақыт Күрішбеков қызметінен босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Талғар әкімі - Күрішбеков Бақыт Қуатбекұлы, Талғар әкімінің орынбасары - Матан Сағындық атқаратын лауазымдарынан босатылды", - делінген хабарламада.

Қазір басқа да әкімдік қызметкерлерінің жауапкершілігі қарастырылып жатқаны хабарланды.

Айта кетсек, Бақыт Күрішбеков 2022 жылы маусымда өткен Талғар әкімін сайлауда жеңіске жеткен болатын.