Қоғам

«Оқыс жағдай болмаған»: Шерзат Болаттың үйін өртеген жерден қолғап пен канистр табылды

Мамандар өрттің үйдің сыртынан басталғанын алғашқы қорытынды ретінде шығарды

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Шерзат Болаттың отбасының үйінен шыққан өртке қатысты тың дерек айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға орнынан канистр мен резеңке қолғаптар табылған.  

"Оның отбасы тұрған үйдегі өрттің себебін белсенді түрде зерттеп жатырмыз. Өрт болған жерде маңызды дәлелдер жиналып, алты жүзден аса адам сұралды. Оқиға қалай болғанын анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалды. Мамандар өрттің үйдің сыртынан басталғанын, оқыс жағдай болмағанын және сыртқы от көзінің қолданылғанын алғашқы қорытынды ретінде шығарды. Оқиға орнынан табылған канистр мен резеңке қолғаптарға зерттеулер жүргізіліп жатыр. Шығын көлемі анықталып жатыр", - деді Берік Адамов.

Еске салсақ, 12 қазанға қараған түні Талғарда төбелес кезінде қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі өртеніп кеткен болатын.