“Қонақүйге шақырған жоқ”: Жанқош Тұраровтың әйелі күйеуімен қайда танысқанын айтты
Айтуынша, екеуі бір жарым жыл телефонмен сөйлесіп жүрген
Боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі, блогер Клара Иса спортшымен қалай танысқаны туралы есіне алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оған желідегі оқырмандарының бірі “Жанқошпен қалай таныстыңыз?” деген сұрақ қойған.
“Instagram әлеуметтік желісі арқылы таныстық. Бір жарым жыл телефонмен сөйлесіп жүрдік. Кейін кездестік. Қонақүйге шақырған жоқ. Дәрі берген жоқ. Алғашқы кездесуіміз бір жарым жылдан кейін мейрамханада болды. Төрт жыл таныстықтан соң шаңырақ көтердік. Екі жарым жыл қыз бен жігіт болып жүрдік. Үйленуге ұсыныс жасады”, – деп жауап берді блогер.