Мәдениет

«Басымызға тисе де, әлі нәтиже жоқ»: Ләйлә Сұлтанқызы Талғардағы оқиға байланысты жазба жариялады

Бәрінің басында аймақта жастарға жағдайдың жоқтығы, коррупция, кейбір жергілікті жердегі басшылардың салғырттығы да тұрған болар

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Талғарда қатігездікпен өлтірілген Шерзат Болаттың ісі бойынша желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлады KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, журналистің жұмысы – қайғылы оқиғаны сүйіншілеп тарату емес, күдіктілердің заң аясында жазалануын бақылау.

«Бұл жағдайда сабырдың соңы алтын емес тақыр болғандай. Басымызға тисе де, әлі нәтиже жоқ. Жаңалықты оқығанда, бірінші келген ой(-лар):
1. Беспредел! Жауыздық, бассыздық! Адамның бойына осынша жауыздық қалай сыйды?
2 Таза мафияның тірлігі.
3. Сыртқы ықпал емес пе екен?
4. Біреу жағдайды өз ыңғайына пайдаланып жатқан жоқ па?
5. Ата-анасына енді қауіп төніп тұрған жоқ па?
6. Неғып қорғамаған?

Бәрінің басында аймақта жастарға жағдайдың жоқтығы, коррупция, кейбір жергілікті жердегі басшылардың салғырттығы да тұрған болар. Айта берсең, жалғаса береді… @halima.tazhikul айтпақшы, рас, бір журналистика - қайғылы оқиғаны сүйіншілеп тарату емес. Журналистика сол оқиғадағы күдіктілердің заң аясында жазалануын бақылау. Соңғы ақпарат бойынша: Қылмыстық іс ҚР Бас Прокурорының бақылауына алынды. Шерзаттың әкесі тыныш елді дүрліктірмеуді сұрап, қылмыскерлер өз жазасын алатынына сенетінін айтты», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Сонымен қатар тележүргізуші бірнеше күннен бері Талғарда жүргізіліп жатқан жұмыстарды тізіп шықты.