Басты жаңалықтар

Алматылықтарға 17 қазан күні телеарна мен радионы қосып қоюды ескерту жасады

Сағат 10:00-де хабарландыру жүйесін тексеру барысында дабыл сиреналары қосылады

Алматыда 17 қазанда жер сілкінісі бойынша оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

Алматы қаласының ТЖД хабарлауынша, сағат 10:00-де хабарландыру жүйесін тексеру барысында дабыл сиреналары қосылады, телерадиоарналарда және мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар жіберу жоспарланған.

"Назар аударыңыз!" дыбыстық сигналы – төтенше жағдайлардың қаупі немесе орын алуы кезінде барлық шұғыл хабарламаларды жеткізудің алдында халықтың назарын аударту үшін берілетін ескерту сигналы. Дыбыстық сигналды естігенде, теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосып, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпараттарды оқып, жағдайға байланысты одан әрі әрекеттер жөніндегі нұсқаулықтармен танысу қажет", - делінген хабарламада.