Арулар

Жамбыл облысында оқушыны 7 жасынан бастап туған ағалары алты жыл бойы зорлап келген

Туған ағалары қызды 7 жасынан бастап 6 жыл бойы зорлап келген.

Оқушы қыз Жамбыл облысына қарасты ауылдардың бірінде үлкен отбасында тұрған. Ол өзінің зорлыққа тап болғангы жайлы мектеп психологына белгі берген. бірақ, әдеттегідей баланың жай-күйін барлығы да ескерусіз қалдырған, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Өңірлік уәкілмен бірге 6 жыл бойы туған екі ағасынан зорлық-зомбылық көрген 13 жастағы қыздың ісімен жұмыс істеп жатырмыз. Қылмыстық іс қозғалды, қыз анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілді, қажетті көмектің барлығы көрсетіліп жатыр", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осы жағдайдан кейін аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директорына қатысты шара қолданылған.

Белгілі болғандай, қыз оқитын мектеп – ауылдағы жалғыз білім ошағы. Бала психолог жинаған сауалнамада зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы сигнал берген, бірақ оны ешкім елемеген.

Зәкиева лауазымды тұлғаларды немқұрайлығы үшін жауапқа тарту мақсатында прокуратураға жүгінгенін мәлімдеді.