“Сенен айырылу – адам төзгісіз нәрсе”: Арман Дүйсеновтің ұлы Абылайдың сүйіктісі жазба жариялады (ВИДЕО)
Сенің күлкің құлағымда, шынайы қолдау сөздеріңіз мәңгі жадымда сақталады
Әлеуметтік желіде марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің ұлы Абылайдың сүйіктісі жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Аруна есімді бойжеткен марқұм жігітімен бірге түскен суретін бөлісіп, көпшілікті жылатты.
“Абылай сенен айырылу – адам төзгісіз нәрсе. Сен жақыным ғана емес, менің жанымның бір бөлшегісің. Ажырамас бөлігіне айналған едің. Жүрегім қарс айырылды.Енді сенің жоқ екеніңді қабылдай алмай жүрмін.
Қазір қуаныш пен нұрға толы сәттеріміз бейнеленген суреттерімізді қарап жатырмын. Бір сәтте жылылық пен ауырлықты сезінемін”, – деп жазды желі қолданушысы.
Ол марқұммен бірге өткен күндерін есіне алып, оған деген сезімі мәңгі жүрегінде сақталатынын жеткізді.
“Сенің күлкің құлағымда, шынайы қолдау сөздеріңіз мәңгі жадымда сақталады. Өмірімді мән мен бақытқа толтырған едің. Мен сені мәңгі есте сақтаймын. Сен менің жүрегімде өшпес із қалдырдың. Саған деген махаббатым мәңгі өмір сүреді. Маған берген барлық жақсылықты сақтауға уәде беремін. Жатқан жерің жайлы болсын, жаным!”, – деп жазды ол.