Мәдениет

"Өздеріңізді көруге асықпын": Тұрсынбек Қабатов ауруханаға жатып қалды

Әзілкеш 45 жасқа арналған концерттерін 2025 жылға ауыстырғанын мәлімдеді

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов ауруханаға жатып қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Instagram парақшасында жазып, жоспарлаған концерттерін келесі жылға ауыстырғанын мәлім етті.

«Ассалаумағалейкум құрметті көрермендер! Денсаулығыма байланысты ауруханаға жатып қалдым. Сол себепті 45 жас деп жоспарлаған концерттерімді 2025 жылға ауысқанын хабарлаймын!

Өздеріңізді көруге асықпын!» - деп жазды Тұрсынбек Қабатов.