Басты жаңалықтар

Алматылық жүргізушілер айыппұл төлемеу үшін, көліктің дөңгелегін нешесіне дейін ауыстыру керектігі айтылды

Аязды маусымда жазғы дөңгелекпен жүретіндерге қанша айыппұл салынатыны белгілі болды.

Алматы полициясы көлік дөңгелегін уақытылы ауыстырмайтындар айыппұл төлейтінін ескертті. Әрине бұл тек айыппұл үшін емес, әр адамның бас қауіпсіздігі екенін ұмытпаған жөн, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Алматы  әкімшілік полиция басқармасының  бастығы Асхат Құлбаев бүкіл қалаларға қатысты ақпарат берді.

"Ауа райының күрт суытуына байланысты жүргізушілерге дөңгелектерін алдын ала ауыстыруға кеңес береміз. Жазда қыстың, қыста жаздың дөңгелегін қолдануға тыйым салынатынын бәріміз білеміз. Ол қауіпсіздікті сақтауға үлкен ықпал етеді",-деді Асхат Құлбаев.

1 желтоқсаннан кейін қысқы дөңгелекке ауыспаған жүргізушілер 5 АЕК (МРП) яғни 18 000 айыппұл төлейді.

Алматыда қазірдің өзінде түнгі уақытта ауа температурасы 0-ді көрсетіп тұр. Алдағы күндері күн -1-2 -ге төмендейтіні хабарланды.