Қоғам

Желіде Хасанмен бірге суретке түскен подполковниктің суреті тарады

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Еркебұлан Қасенұлының қазір полиция қызметкері емес екенін мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің Талғардағы қылмыстық топ жетекшісі делінген Хасанмен бірге түскен суреті тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Желі қолданушылары суретті талқыға салды.

Алматы облысының әкімдігі бұл суретке қатысты пікір білдірді. Подполковник Еркебұлан Қасенұлы «Хасанды» аңшылықта кездестіріп қалғанын айтты.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Еркебұлан Қасенұлының қазір полиция қызметкері емес екенін мәлімдеді.

«Ол биыл 21 мамырда тәртіптік негізде ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Сонымен қатар, облыстық департаменттің қауіпсіздік басқармасы және кадрлық қызметі қызметкерлердің имиджіне зиян келтіретін байланыстарды анықтау және болдырмау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді» деп мәлімдеді баспасөз қызметі.