Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Талғарда 16 жастағы жасөспірімнің өлімі: тағы бір күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Талғарда 16 жастағы жасөспірімнің өлімі: тағы бір күдікті ұсталды (ВИДЕО)
Сурет: Видеодан скриншот
Бұған дейін жасөспірімнің өліміне қатысы бар деген 10 күдікті ұсталған болатын

16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысы бар делінген тағы бір күдікті ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алматы облысы ПД мәліметінше, 17 қазанда Шерзатты өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында тағы бір күдікті К. ұсталды.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларының кешенін жүргізу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Осылайша, Талғарда Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша 11 адам ұсталды. Бұған дейін 10 күдікті қамалғаны туралы хабарланған болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар