«Кезең-кезеңімен көтереміз»: мұғалімдерге сынып жетекшілік үшін берілетін сыйақы 30 пайызға артады
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 қазан, 2024
- 474
Еліміздің премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанда 220 мыңнан астам сынып жетекшінің өтемақысы 30%-ға артатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Премьер-министрдің айтуынша, сынып жетекшілер мектептегі буллингтің алдын алуда үлкен рөл атқарады. Ал сыйақылар ұстаздарды оқушылар арасындағы жанжалдар мен төбелестерді бақылап жүргуге ынталандырады деп санайды.
“Жалақыны кезең-кезеңімен көтереміз. Бұл мәселе қазір талқыланып жатыр”, – деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр буллингтің алдын алу үшін сенім телефоны жұмыс істейтінін еске салды.
Айта кетейік, бір жыл ішінде байланыс орталығының мамандары 18 500-ден астам әйел мен балаға көмек көрсетті. Барлық аймақтарда қолдау орталықтары жұмыс істейді. Сондай-ақ BalaQorgauBot2.0 чат боты және Balakorgau веб-сайты бар.