Мәдениет

«Ақшаны берген сіздер»: Әбдіжаппар Әлқожа армандаған көлігіне қол жеткізді (ВИДЕО)

Оның таңдауы Mercedes-Benz AMG63 маркалы көлігіне түскен

Белгілі әнші, Роза Әлқожаның інісі Әбдіжаппар Әлқожа қымбат көлік сатып алды. Жақсы жаңалығымен желіде бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі өзіне сыйлық жасаған. Оның таңдауы Mercedes-Benz AMG63 маркалы көлігіне түскен.

"Серіні тұлпарынан танисыздар. Көптен армандап, бүгін жеттім. Құтты болсын деп қойыңыздар. Сіздерге жұғысты болсын. Әрбір қазағым мықты көлікпен жүрсін. Мен үшін Mercedes нөмір бір көлік. Жеткізген Алла, ақшаны берген сіздер. Адал еңбек, таза пейіл», - деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа.