Калейдоскоп

"Жаңбыр мен қар жауады": 19-21 қазанға арналған ауа райы болжамы

Республиканың шығысында ғана күн ашық болады

19-21 қазан аралығында еліміздің көп бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Қазгидромет Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын болжады.

«Үш күн бойы Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр мен қар жауады. Тек республиканың шығысында ғана күн ашық болады. Жалпы, ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік аудандарда – көктайғақ, оңтүстікте – найзағай ойнайды», - деп хабарлады Қазгидромет.

Сондай-ақ батыс пен солтүстік-батыстағы ауа температурасы 13 градусқа дейін, шығыс пен орталықта 18 градусқа дейін, ал, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 22 градусқа дейін жылынады деген болжам бар.