“Шаршағанын айтқан”: Ақмола облысында жетінші сәбиіне жүкті әйел қайтыс болды
Полиция әйелдің өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған мәлімдеді
Ақмола облысы Бестөбе ауылында жетінші сәбиіне аяғы ауыр 34 жастағы әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі sinegor.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 18 қазан күні кешке болған. Әйел отбасымен үйде отырғанда өзін нашар сезініп, шаршағанын айтқан. Сөйтіп демалуға жатқан. Алайда туыстары оның өлі денесін табады. Жүктілік мерзімі 34 аптада болған.
Жедел жәрдем дәрігерлері ақмолалық әйелдің олар келгенге дейін қайтыс болғанын мәлімдеді. Алдын ала өлім себебі – жедел жүрек жеткіліксіздігі. Зорлық белгілері табылмаған.
Полиция Бестөбе тұрғынының өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын, сараптамалар мен тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қылмыстық кодекстің бабы бойынша басқа ақпарат жариялауға болмайды.