“Адамның тірлігіне емес, өзіне баға бергенді қашан қоясыздар?!”: Әсел Асқар өзін сынағандарға ашуланды
Әсел Асқар біреуге ұнау үшін ештеңе жасамайтынын жеткізді
Белгілі актриса Әсел Асқар өзін сынап, балағат сөздер жазатын оқырмандарына үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол ешкімнен өзіне баға беруін күтпейтінін және өзінің өмірін сүріп жатқанын айтты.
“Бастан сипап отырып, аяқтан шымшығанды қашан қояды екенбіз? Мен біреуге ұнау үшін ештеңе жасамаймын. Мені түсінетіндей, ұнататындай, қабылдайтындай, мен сыйлыққа берілетін кітап емеспін. Маған қашан баға береді екен деп күтіп отырған жоқпын. Жай ғана қарапайым адаммын. Ешбір әйелден бір жерім артық та, кем де емес. Мен өзіммен өзім өмірімді сүріп жатырмын. Алдыма қойған мақсаттарыма ақырындап келе жатырмын”, – деп жазды.
Сонымен қатар, Әсел Асқар әйелдер қауымын бір-бірін қолдауға шақырды.
“Құдай берген болмысымды жаратылысымды мойындауым керек.
Мінез бар. Ол баршылық десем болады. Осы мінездің арқасында мені танып та, түсінбей де, ұнатып та жүрген боларсыз. Дегенмен жылы лебізіңізге рақмет. Бірақ адамның тірлігіне емес, өзіне баға бергенді қашан қоясыздар?! Бір бірімізге, әсіресе әйелдер қауымы тек қолдау көрсетейікші”, – деп үндеу тастады өнер иесі.