Басты жаңалықтар

Қазақстандықтар тәуелсіздік күні мен Жаңа жылда қанша күн демалатыны белгілі болды

30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері

Қазақстандықтар осы жылдың соңғы айында 10 күн, ал 2025 жылдың бірінші айында 11 күн демалады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер желтоқсан айында Тәуелсіздік күнінде үш күн демалыс алады.

14 желтоқсан, сенбі: аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін бұл күн - жұмыс күні, ал аптасына бес күн жұмыс істейтіндер бұл күні демалады;

15 желтоқсан, жексенбі: демалыс;

16 желтоқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні (барлығы демалады).

Ал 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері.

2025 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар Жаңа жылға орай 1 және 2 қаңтарда демалады. Содан соң 3 қаңтар жұмыс күні болады. Кейін 4 және 5 қаңтар қайтадан демалыс. Қазақстандықтар Рождество күніне орай 2025 жылдың 7 қаңтарында, сейсенбіде қосымша демалыс алады. 

2025 жылғы қаңтарда қазақстандықтар аптасына неше күн жұмыс істейтініне байланысты әртүрлі демалады.

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

30 және 31 желтоқсан - жұмыс күні;

1 және 2 қаңтар - демалыс, Жаңа жыл;

3 қаңтар (жұма) - жұмыс күні;

4 және 5 қаңтар - демалыс;

6 қаңтар (дүйсенбі) - жұмыс күні;

7 қаңтар (сейсенбі) - демалыс, Рождество.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

30 және 31 желтоқсан - жұмыс күні;

1 және 2 қаңтар - демалыс, Жаңа жыл;

3 және 4 қаңтар - жұмыс күні;

5 қаңтар (жексенбі) - демалыс;

6 қаңтар (дүйсенбі) - жұмыс күні;

7 қаңтар (сейсенбі) - демалыс, Рождество.