Қоғам

«Хутор» бандасы туралы сұхбат берген ер адамды полицейлер жындыханаға әкетті (ВИДЕО)

Полиция ер адамның психиатриялық ауруханадан бұрын қашып кеткенін мәлімдеді

Журналист Асхат Ниязовқа Талғардағы “Хутор” бандасы туралы айтқан тұрғынды полицейлер ұстап әкеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Асхат Ниязов "Обожаю" YouTube-арнасына Талғар қаласы туралы зерттеу материал түсірген. Сол жерде тұрғын "Хутор" бандасы туралы сөз қозғаған. Асхат Ниязовтың айтуынша,тұрғынды полиция ұстап, оны психиатриялық ауруханаға апарыпы. Бұл уралы журналист Telegram-арнасында хабарлады. 

“Дәл қазір полицейлер Талғар туралы эпизодтың кейіпкерлерінің бірін ұстады. Ол психиатриялық ауруханаға жеткізілді”, – деп жазды. 

Ұсталған азамат Шерзат Болаттың көршісі, әрі отбасының досы. Сұхбат көліктің ішінде жазылған. Себебі сыртта сөйлесу қауіпті болған екен. Олар Хутор атанған Тұрар Рысқұлов ауылына барған.

Полиция ер адамның психиатриялық ауруханадан бұрын қашып кеткенін мәлімдеді.

 «Азамат К., бұрын қоғамдық қауіпті әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына сотталған. Оны полиция қызметкерлері қайтадан ұстады», – делінген сот хабарламасында.

Айта кетсек, бұған дейін Талғарда тқбелес кезінде 16 жастағы жасөспірім қаза тапқан болатын.