Алматы облысында зорлау бойынша уақытша қамалған азамат түрмеден қашып кетті
Оны ұстау үшін арнайы "Сирен" жоспары енгізілген.
Алматы облысының полициясы уақытша ұстау изоляторынан зорлау бойынша күдікке ілінген адамның қашып кетуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
"Алматы облысы Полиция департаменті Уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 30.05.1998 жылы туылған Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу саламыз.
Егер іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, келесі телефондар арқылы дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында күдікті уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз. Ол зорлау бойынша күдікке ілінген.