«Сен супер мамасың»: Жанар Айжанова қызын туған күнімен құттықтады
Әнші қызын туған күнімен құттықтап, ақ тілегін жазды
Белгілі әнші, әрі актриса Жанар Айжанова қызы Айжұлдыз Адайбекованы туған күнімен құттықтап, желіде жазбамен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды. Ол қызына бақыт тілеп, оның керемет ана екенін жеткізді.
"Тәтті қызым, туған күнің құтты болсын! Алла тілегеніңді берсін! Бағың ашылсын! Назар адал жігіт болып өсіп, тек қуаныш сыйласын! Сен супер мамасың. Маған сендердің бақытты күндеріңді көріп, жаным рахаттансын. Бар қызықты бірге көруді нәсіп етсін! Менің сегіз қырлы, бір сырлы талантты ботам", - деп жазды әнші.
Жанар Айжанова қызымен түскен ерекше суреттерін жариялады.