«Құттықтауын күткен»: Салтанат Нүкенованың 90 жасқа толған әжесі немересінің қазасы туралы білмейді
Олар әжесін туған күнімен құттықтап, ақ тілектерін айтып қайтқан
20 қазанда марқұм Салтанат Нүкенованың әжесі 90 жасқа толды. Бұл туралы марқұмның ағасы Айтбек Амангелді жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, әжесі әлі күнге дейін бетіне крем жағып, әтір себеді екен.
"Бүгін Бикеш әженің (анамның анасы) туған күні. Оның есімі "ханым" деп аударылады. Ол жасына қарамастан әлі күнге дейін бетіне кремдерін жағып, әтірлерін себеді. Әжеміз қызғылт, күлгін және көк түстерді жақсы көреді. Сыйлыққа гүл алғанды және өзіне көп көңіл бөлгенді ұнатады", – деп жазды Айтбек Амангелді.
Әжесі 7 құрсақ көтерген. Сол балаларынан немере мен шөбере көріп отыр екен.
"Әжеміздің 7 баласы бар және көп немере мен шөберелері бар. Бүгін біз оны құттықтап, оған ұзақ ғұмыр тіледік. Әкем өмір бәріне беріледі, бірақ қарттық кез келгенге берілмейді деп айтады. 7 баланың ішінде үш апалы-сіңілі бар. Үлкені Замзагүл химия пәнінің мұғалімі, ортаншысы анам Жұмагүл, кенже қызы Гүлмира. Олар жыл сайын аналарына алғысын білдіреді ", - деп жазды ол.
Осыған дейінгі жазбаларында Айтбек Амангелді әжесі марқұм Салтанат Нүкенованың қазасы туралы білмейтінін жазған болатын.