Пульмонолог: короновирустың жаңа штамы үш-төрт күнде пневмонияға айналып, тез асқынады
Дәрігерлер соңғы уақытта Алматыда пневомониямен ауыратындар саны көбейгенін айтады
Короновирустың жаңа штамын жұқтырған науқас үш-төрт күнде пневмонияға шалдығуы мүмкін. Дәрігерлер бұл ауру жылдам асқынады дейді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Дене қызуы көтерілмей, құрғақ жөтелден басталатын жұқпаның пневмонияның жаңа түрі екенін тек рентгенография көрсетеді. Қосымша ПТР-сынама тапсыру қажет. Дәрігерлер соңғы уақытта Алматыда пневомониямен ауыратындар саны көбейгенін айтады. Тіпті ауру ересектерден бұрын, балалардан көптеп анықталып жатыр. Мамандардың айтуынша, кәдімгі пневмонияда жөтел қысып, ентігіп және дене қызуы көтеріліп, 14 күннен соң анықталады. Ал қазір тарап жатқан ауруды жұқтырған жағдайда жоғарыда аталған симптомсыз, 3-4 күнде пневмонияға ұласып кетуі мүмкін екенін ескертеді.
«Қазіргі пневмониялардың ерекше өту жағына қарайтын болсақ, қарқынды түрде бұрын бірнеше күн немесе 7-14 күннің ішінде инкубация мерзімі өтетін, қазір 3-4 күннің ішінде ауқымды полисегментарлы пневоманияны көріп отырмыз. Пневмония себептері: бактерия, вирус, зең. Егер жөтелмен немесе кез келген аурудың түрімен анықталынатын көрініс туса, дәрігерге қаралу керек. Өз бетінше емделмей, ем-дом жасауды доғару қажет», - дейді пульмонолог Айнұр Қабанбаева.