Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Туған жиенін зорлаған": Талғарда изолятордан қашқан күдікті жайлы жан шошырлық ақпарат шықты

"Туған жиенін зорлаған": Талғарда изолятордан қашқан күдікті жайлы жан шошырлық  ақпарат шықты
Сурет: Алматы ПД
Изолятордың қасында тұратын талғарлықтар үрейленіп отыр

Талғарда уақытша тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті әлі табылмай жатыр. Ер адам зорлық жасады деген күдікпен ұсталған еді. Талғар тұрғындарының айтуынша, ол өзінің жиенін зорлаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

26 жастағы күдікті 21-қазан күні қашып кеткен еді. Ол қамалғанға дейін Тереңқара ауылында тұрған. Оның үйін полиция бақылауға алып күзетіп тұр. Ал оның туыстары ешкіммен сөйлескісі келмеген.  

КТК хабарлағандай, күдіктінің көршілері оның осыған дейін де істі болғанын айтады. Ол анасымен бірге тұрған. Ал анасы 8-сыныпта оқитын жиен немересін өз тәрбиесіне алған. Таныстары күдікті осы жиенін зорлаған дейді. 

Бұл туралы алдымен жәбірленушінің мектептегі мұғалімдері білген.

«Олардың үйінде күдіктінің жиен қарындасы тұратын. Ол өзінің зорланғаны жайлы ешкімге тіс жармаған. Себебі онымен бір үйде тұрған. Мұғалімдер жағдайды білген соң анасына хабарласқан. Зорлық-зомьбылық жазғы каникул кезінде үйінде болған екен», - дейді Фатима Өтемісова.

Изолятордың қасында тұратын талғарлықтар үрейленіп отыр. Себебі осыған ұқсас жағдайлар бірінші рет болып тұрған жоқ. Қашқындар тұрғындардың бақшасында тығылады екен.

«Күдіктілер түрмеден қашып шықса, біз жанымызды қоярға жер таппаймыз. Мен өзім үшін емес, балаларым үшін қорқамын. Полиция басқармасының аумағында видеокамералар өте көп. Бақылау-өткізу пунктінде кезекшілер тұр. Күдіктінің қалай қашып кеткені түсініксіз», - дейді Талғар тұрғыны Айжан Рахымова.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар