«Баласы бар еркекке тұрмысқа шықпа»: Абай Бегейдің әйелі қыздарға кеңес берді
Баласы бар еркекке тұрмысқа шыққан ол, өзіне оңай болмағанын, көрген қиыншылықтарымен бөлісті
Белгілі әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова баласы бар еркекке тұрмысқа шығудың қиындығы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Фариза Жұманова бұл туралы «Айтарым бар» YouTube арнасында әңгімеледі. Айтуынша, оған қыз-келіншектерден баласы бар еркек ұсыныс жасады деген хаттар жиі келеді екен.
«Маған Instagram арқылы баласы бар еркек ұсыныс жасады деген хаттар көп келеді. Негізі мен қазір де бұл сұраққа «жоқ» деп жауап беремін. Себебі ол – өте үлкен жауапкершілік. Тұрмысқа шыққаннан кейін мен екі қыздың анасы болдым. Үлкеніміз студент болды, ол менің қандай да бір көмегіме мұқтаж болды деп айта алмаймын. Оның үстіне ол ер бала. Екі қыздың анасы болу оңай емес. Мысалы тұрмысқа шыға салып, бірінші тұрмыстық өмірге үйренесің бе, әлде ана болып үйренесің бе?! Сондықтан ол оңай емес», - дейді Фариза Жұманова.
Әншінің әйелі өыздарға баласы бар еркектерге тұрмысқа шықпауға кеңес береді.
«Маған бұл жолда оқыған намазым, діни білімім көмектесті. Алладан қорыққаннан кейін алған аманатыма төзе білдім. Қатты қиын болып кеткен кездері намазда отырып, дұға тілейтінмін. Ішімдегі уайым-қайғыны Алла Тағалаға айтатынмын. Содан кейін жақсы болып қалатынмын. Ал басқа қыздар осылай істей ала ма, істей алмай ма? Тұрмысқа шыққаннан кейін мамасына, әкесіне, туысына хабарласып тұрса, өзіне қиын, ал ата-анасына екі-үш есе қиын болады. Сол себепті қазір де маған қыздар осындай сұрақ қойса, тұрмысқа шықпа деп айтамын», - дейді ол.