Саясат

Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі іздестіріліп жатыр

Іздеу ісі осы жылдың 21 қазанында Астанада тіркелген

Белгілі әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұханұлына іздеу жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мәлімдеді.

"Тергеуді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласындағы департаменті жүргізеді", – делінген хабарламада.

Аңсар Қажымұханұлы әнші, актриса Сиви Махмудидің он жылдай бірге тұрған. Ерлі-зайыпты 2021 жылы ажырасып кеткен.