Қоғам

Өлтіріп, өзенге лақтырып жіберген: Атырауда жоғалып кеткен 23 жастағы қыздың денесі іздестірілуде

Жігіт қызды көліктің ішінде буындырып өлтірген

Атырауда 23 жастағы бойжеткен бес күн бұрын жоғалып кеткен. Анықталғандай, оны өлтіріп денесі Орал өзінені лақтырып жіберген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

20 қазанда марқұмның анасы полицияға қызының жоғалып кеткенін хабарлап айтқан. Ол Авангард шағын ауданындағы үйден 22:00 шамасында шығып кеткеннен қайта оралмаған.

 Полиция қызметкерлері 24 және 25 жастағы күдікті екі жігітті ұстаған

18 қазан күні бойжеткен танысымен ұрсысып қалған. Салдарынан, жігіт қызды көліктің ішінде буындырып өлтірген. Мәйіттен құтылу үшін досын шақырып, екеуі өзенге лақтырып жіберген.

"Ұрлау" және "кісі өлтіру" баптары бойынша қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу басталды. 24 және 25 жастағы екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды", – деп жауап берді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбайды. Марқұмның денесі әлі іздеуде.