Американдық ару екі сағаттық акуламен күресте жеңді
Балықшы қыз екі метрлік акуланы аулап, оны жағажайға шығарды.
Видеоны FOX News порталы жариялады. Техас штаты, Конро қаласының тұрғыны Лорен Биггерс күйеуінің туған күнін атап өту үшін балық аулауға келеді. Олар қармақты салып, жағажайда тойлатып жатты. Биггерс қармаққа балықтың ілінгенін көріп, тарта бастайды. Екі сағаттық арпалыстан кейін жағажай қонақтарының алдында акуланы жағаға шығарады. «Менің ойымша, күнделікті жаттығуларды істемегенде, өзімнен екі есе үлкен балықты шығара алмас едім. Акуланы шығаруды қанша қалағаныммен, өзіме сенімсіз болдым. Алайда, оны ұстағанымда керемет сезімде болдым», - деп Лорен әсерімен бөлісті. Биггер акуланы шығарған бетте күйеуі мейрамханадан жүгіріп шығып көмекке келді. Екеуі ауланған балықпен фотоға түсіп, оны суға қайта жібере салды.