"Жақсының жақсылығын айт": Тоқаев Назарбаевтың сіңірген еңбегі туралы айтты
Түңғыш президенттің мемлекет үшін жасаған қызметі ел жадында сақталуы тиіс екенін атап өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Тоқаев Назарбаевтың Қазақстан үшін жасаған қызметі ұмытылмауы тиіс екенін айтты.
"Еліміздің ең басты мерекесі – Республика күнінде біз Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың табанды еңбегін атап өтуге тиіспіз. Оның қазіргі Қазақ мемлекетін құру ісінде шешуші тарихи рөл атқарғанын міндетті түрде айтуымыз қажет. Ел үшін жасалған қызмет ешқашан ұмытылмауы керек, ел жадында сақталуға тиіс. Бұл – еліміздің болашағы үшін өте маңызды. "Жақсының жақсылығын айт" деген халқымыз. Бүгінгі тарихқа әділ баға берілуі үшін кешегі тарих әділ бағалануға тиіс", – деді Мемлекет басшысы.