Мәдениет

«Толғатып жатқан әйелдер видеоларын жүктеуі ұят»: Меруерт Түсіпбаева блогерлерді сынап, ескерту айтты (ВИДЕО)

Әнші блогер қыз-келіншектерге мұңдарын іштерінде сақтауға кеңес берді

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева толғатып жатқан сәтін видеоға түсіріп, желіге жүктейтін әйелдерді сырнады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі біраз уақыт бұрын жылап видео жүктейтін блогерлерді сынаған болатын. Айтуынша, сол жазбасын біраз адам қолдаған.  

“Менің жазбама қатысты адамдар хабарласып жатыр. Мен көптен бері сол туралы жазғым келіп жүрген. Негізі ол жаман үрдіс. Қабылдайсыздар ма, қабылдамайсыздар ма маған бәрібір. Ренжісеңіздер көшке қосқан тайлақтарыңызды алып кетіңіздер. Қанша адам, қаншама блогер, танымалдар, танымал емес жандар бар. Желіде толғатып жатқан әйелдер видеоларын жүктеуі ұят. Біз үлкендер тәрбие береміз ғой. Жыласаңыздар, іштеріңізден тығылып, оңаша жылаңыздаршы, қыздар. Не болса да, құпия мен мұңдарыңыз іштеріңізде өлсін. Қыздар! Сау басқа сақина тілемеңіздер! Құдай жылатпасын", – деп жазды Түсіпбаева.