Қоғам

Қызылордада оқушыны сексуалдық құлдықта ұстаған: сенатор қорытынды жасауға әлі ерте екенін айтты

Марат Қожаев кінәлілер жазаланады ма деген сұраққа да жауап бере кетті

Сенат депутаты, Ішкі істер министрінің бұрынғы бірінші орынбасары Марат Қожаев Қызылорда облысында сексуалдық құлдыққа түскен оқушы қыздың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сенат отырысында журналист Қожаевтан Қызылорда облысындағы кәмелетке толмаған баланы сексуалдық құлдыққа салу ісі бойынша сауал қойды.

«Бұл оқиғаның барлық кемшіліктерін, оның себептері мен шарттарын түсінбей, қорытынды жасауға әлі ерте. Барлық жай-жапсары сотта зерттеліп, нақты құқықтық баға берілгенде, шындықты сол кезде білетін боламыз. Мен 30 жылдық тәжірибем бар тергеушімін, мұндай оқиғалар өте көп. Ал жұртшылық наразылығынсыз тиісті әділ шешімдер қабылданды. (...) Сотта сіздің әлеуметтік желідегі шуыңыз емес, процессуалдық дәлелдер ғана бағаланады», - деп жауап берді Қожаев.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің бұрынғы вице-министрі кінәлілер жазаланады ма деген сұраққа да жауап бере кетті.

«Қоғамда мұндай қорқыныш жоқ. Ақпараттық ресурстағы жағдайды бұзып отырған сіздер, журналистерсіздер. Меніңше, халқымыздың басым көпшілігі еліміздің құқықтық жүйесіне сенеді», - деп қарсылық білдірді сенатор.