Қоғам

Алматыда жер сілкінісі қайталануы мүмкін бе?: ТЖМ басшысы жауап берді

Жер сілкінісін әлі ешкім болжап көрген жоқ, жер сілкінісінің нақты болжамы да жоқ

Мәжіліс отырысында Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Шыңғыс Әрінов депутаттарға Алматыдағы жер сілкінісі кезіндегі ескерту мен әрекет ету алгоритмі туралы айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Менің бұйрығыммен ақпан айында министрліктер басшыларымен үлкен топ құрылды. Біз Алматыда 2 айға жуық әрбір пәтер иелері кооперативімен, меншік иелері бірлестігінің әрбір басшысымен жұмыс істедік, жер сілкінісі кезіндегі өзара іс-қимыл мен әрекет ету тәртібін пысықтадық. Көп нәрсе алғашқы қадамдарға байланысты болады. Жер сілкінісін әлі ешкім болжап көрген жоқ, жер сілкінісінің нақты болжамы да жоқ. Тиісінше, жер сілкінісі болған жағдайда біздің жергілікті пәтер иелері кооперативімен, меншік иелері бірлестігі бізбен бірге әрекет етіп, көмектесіп, халықты эвакуациялау пункттеріне бағыттауы керек", - деді Әрінов. 

Ол жер сілкінісі болған жағдайда жұмысты ұйымдастыруға көмектесетін әскери қызметкерлер мен ТЖМ қызметкерлері болады деп қоса кетті.