Абу Ханифа мазхабы бойынша жылқы еті макрух харамға жатады
Желіде зерттеуші, Париждегі Жоғары зерттеулер практикалық мектебінің докторанты Агат Гидің жылқы етіне қатысты айтқан сөзі тарады. Бұл қазақстандық желі қолданушылары арасында наразылық тудырды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Видеоның астына Агат Ги Қазақстандағы халал индустриясын зерттеумен айналысатынын жазған. Ол жылқы еті жайлы сөз қозғайды.
«Жылқының еті харам емес. Бірақ жылқы еті — макрух болып саналады. Яғни, тұтынбаған жөн. Макрух түсінігінде халалға жақыны да, харамға жақыны да бар. Абу Ханифа мазхабы бойынша бұл макрух харамға жатады. Дубайда да солай саналады. Бірақ Қазақстанда Абу Юсуфтың ойын көбірек ұстанады. Ол бойынша жылқы еті халалға жақын макрух», — деді ол.