“Тағы да бөпелі болармыз”: Айжұлдыз Адайбекова жаңалығымен бөлісті
Блогер ару қазіргі кезде сүйіктісімен бірге тұрып жатыр
Блогер, актриса Айжұлдыз Адайбекова тағы да сәбилі болатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Revuenews арнасында бөлісті. Ол арнаны туған күн кешіне шақырған.
“Тағы да бөпелі болармыз. Сіздерге айтпаған жаңалық көп. Бүгінде сүйіктіммен бірге тұрып жатырмын. Ол кісі дайын болған кезде, мен де дайын боламын. Рұқсат берсе болды”, – деді актриса.
Анасы Жанар Айжанова қызының шаруасына және шешіміне араласпайтынын жеткізді.
“Мен Айжұлдызды қолдаймын. Қандай шешім қабылдаса да, дайынмын. Ол 18 жастағы қыз емес. Оның таңдауына, шаруасына араласпаймын”, – деді әнші.