«Колготканың сыртынан тигізген»: Ақтауда 17 жастағы жігіт лифтте оқушы қыздарға мүшесін көрсеткен
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 қазан, 2024
- 4.4k
Ақтауда 17 жастағы жігіт үйлердің біріндегі лифтке кірген екі қызға шабуыл жасаған. Оқушы қыздарға жыныстық мүшесін көрсеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы "Немолчи" қорының желідегі парақшасында жазылды.
“13 жастағы үлкен қыз ерекше түсті сөмке іліп алған жігітті бірден байқаған. Оны бұрын-соңды көрмеген. Ол подъезге қыздардан бірінші кіріп кеткен. Сөйтіп үйге кіре беріс жерде оларды күтіп тұрған. Қыздар лифтке кіргенде, ол да соңынан ілескен. Лифттың ішінде қыздарға мүшесін көрсетіп, оларға қол жүгірте бастаған”, – делінген жазбада.
Жасөспірім қорыққаннан сөйлей алмай қалған. 5 жастағы сіңлісін жетектеп, сыртқа қашып шыққан.
Екі қыздың анасы учаскелік полицияға барып, болған жайды баяндап берген. Алайда жігіт өзінің сол жерде болғанын мойындағанымен, мұндай әрекетке бармағанын айтады.
Әйелдің айтуынша, ол күдіктіні 16 қазан күні көрген. Жасөспірімнің жақындары қыздардың анасына келіп, шағымын қайтарып алуын сұраған. Болған жағдайға қатысты Маңғыстау облысының полиция департаменті оқиғаны растады.
“Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сексуалдық сипаттағы әрекеттерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатырмыз”, – деп мәлімдеді облыстық полиция.