Мәдениет

"Әпкемді жылатып алдым": Белгілі фудблогер Алтынай Жорабаеваға қымбат көлік сыйлады

Құрбысы Алтынай Жорабаеваның жанашырлығын айтты

Әнші Алтынай Жорабаеваға құрбысы, фудблогер Индира Жақыпова туған күні қарасаңында Lexus көлігін сыйлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі көзіне жас алып, мұндай тосынсый күтпегенін айтты.

«Мен шокпын. Төлеу мен Индира өзімізге Lexus аламыз деп алдап шақырыпты. Сөйтсем, менің туған күніме сыйлық екен. Машинаның артына гүл қойып, “Алтынай әпке, мына машина сіздікі” деп жазып қойыпты. Кешке кішігірім атап өтеміз. Ет асып жатырмын», – деді әнші. 

Фудблогер жантебірентерлік жазба жариялап, қиын кезеңде Алтынай Жорабаевадан қолдау көргенін жазды.

«Нөлден бастағалы қасымда жүрген, туғанымдай болып кеткен жанашыр әпкемді жылатып алдым. Әпке, сізге не сыйласам да лайықсыз ғой. Басыма небір сынақтар келгенде, кімнің кім екені көрінгенде қасымда қалған жалғыз жанашырым өзіңіз болдыңыз. Менен қолдауыңызды аямадыңыз! Маған деген аппақ көңіліңіздің қасында дүние деген не ол?! Сыйластығымыз арта берсін!» – деп жазды блогер.