Қоғам

Сырдария облысында оқушы қыздар мұғалімді соққыға жықты (ВИДЕО)

Білім ордасындағы жағдайдан кейін қыздардың анасына айыппұл салынды

Әлеуметтік желілерде оқушы қыздардың мұғалімді соққыға жыққан видео тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Оқиға 7 қазан күні Өзбекстанда Сырдария облысының №2 мектебінде болған.

Бейнежазбада екі оқушының мұғалімнің шашын жұлып, ұрғанын көруге болады. Басқа мұғалімдер оған көмектеспек болған. Алайда қыздар төбелесті тоқтауға тырысқан ұстаздың өзіне шабуыл жасаған.

Білім ордасындағы жағдайдан кейін қыздардың анасына айыппұл салынды. Төбелестің не себеп болғаны белгісіз. Сот оқушылардың анасының жұмыссыз, екі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырғанын, отбасында асыраушының жоқ екенін ескерген.

Оқушының анасына екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (750 мың сом) 28,2203 теңге айыппұл салу туралы шешім қабылдады.