Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Азаматтарымыз мемлекетімізді нығайтуға өз үлесін қосады деп сенемін

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 25 қазан Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы еліміздің болашағы әр азаматқа байланысты екенін атап өтті.

«Біз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында аса күрделі сын-қатерлерді еңсеріп, ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып келеміз. Қоғамдағы заң мен тәртіп, азаматтардың еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігі қазіргі реформалардың берік тірегіне әрі қозғаушы күшіне айналды. Еліміздің ертеңі қандай болатыны әрбір отандасымызға байланысты екені анық», - деді Тоқаев.

Ол қазақстандықтарға денсаулық, бақыт тіледі.

«Азаматтарымыз осы қастерлі жауапкершілікті терең түсініп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлесін қосады деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, толайым табыс және бақ-береке тілеймін!», – деді президент.