Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды (ВИДЕО)
Ұстау изоляторынан қашқан күдікті Тереңқара ауылының шетінде ұсталды
Полиция Талғар қаласында тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адамды қолға түсірді. Ол қыз зорлады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті Тереңқара ауылының шетінде ұсталды.
Іздеу шараларына қоғамдық көмекшілер, еріктілер мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар белсенді түрде атсалысты. Полицияның барлық күштері жұмылдырылды.
Күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады.
Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғыс білдірді.