«Мені өлтіргелі жатыр»: ақтөбелік әйелдің қоңырауын жауапсыз қалдырған 112 диспетчерінің жазасы жеңілдетілді
Әйел сол күні Toyota Camry автокөлігін сатуға шыққан
Ақтөбелік келіншектің қоңырауын жауапсыз қалдырған диспетчердің жазасын Ақтөбе облыстық соты жеңілдетті. Ол 2 жылға бас бостандығынан айырылған болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Аппелляциялық сот төтенше жағдайлар қызметінің жедел диспетчері Әділ Қалидолланың ісін 21 қазанда қыркүйекте шығарылған үкімін қайта қарады. Нәтижесінде екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы екі жылға бас бостандығынан шектеуге ауыстырылды.
Үкімді өзгерту туралы шешім қандай қабылданғанын облыстық сот нақтылаған жоқ.
Еске салсақ, 9 маусымда сағат 12:18-де құтқару қызметіне 55 жастағы Клара Сұлтанбаева қоңырау шалып, өзін әлдекмнің өлтіргелі жатқанын айтқан. Алайда қоңырауды қабылдаған құтқару қызметінің диспетчері Әділ Калидолла салғырттық танытып, мекен-жайын нақтылаумен шектелген. Әйел сол күні Toyota Camry автокөлігін сатуға шыққан. Ол "олар мені өлтіреді!" деп қатты айқайлаған. Бірақ диспетчер көмек жібермеген. Салдарынан Клара Сұлтанбаева қаскөйлер қолынан қаза тапқан.