Қоғам

“Не масқара мынау?”: Балабақша баласының беташарын жасаған тәрбиешілерді жұрт сөкті (ВИДЕО)

Бейнежазбадан кішкентай қыздың бетіне ақ орамал жауып, бетін ашып жатқан сәтті көруге болады

Балабақшаның бірінде тәрбиешілер балаларға келін түсіру, беташар жасаған. Желіде қойылымының видеосы тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Бұл туралы видеоны журналист Гүлмира Әбіқай өзінің желідегі парақшасында жариялады.

Бейнежазбадан кішкентай қыздың бетіне ақ орамал жауып, бетін ашып жатқан сәтті көруге болады. Ұл мен қыздарға қазақ киімдерін кигізіп қойған.

Желі қолданушылары балабақшада беташар жасап, кішкентай қызды келін болуға үйреткен тәрбиеші мен балабақша басшылығына ашуланды. Олар “мынау не масқара, енді қалай төсекке жатып, бала жасауды үйрету қалды”, “бастары істей ма, таза қуады екен тәрбиешілер”, “ақымақтар одан да горшокқа отыру мен сөйлеуді үйретсін да. Масқара мынау енді басқа қалмады ма” деген пікірлер қалдырған.