Мәдениет

«Быт-шыттарыңды шығарамын»: Мақпал Жүнісова өзін режиссермен қосқан желі қолданушыларына ұрсып тастады (ВИДЕО)

Мақпал Жүнісова өзі туралы жалған ақпарат тарататындарды соттатып жіберетінін ескертті

Танымал әнші Мақпал Жүнісова өзі туралы «Мақпал Жүнісова күйеуге шықты» деген жалған ақпарат таратқандарға ашуланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Біреулер әлеуметтік желіде «Мақпал Жүнісова күйеуге шықты» деп жазған. Алайда, әншінің айтуынша, желідегі бейнеде оны бір құшақ гүлмен концерт режиссері қарсы алған екен. Бұл туралы ол желідегі парақшасында айтты.

«Тик Токта аузы қышып отырған қыздар мен жігіттер, сендер кімсіңдер? Мені «күйеуге шықты» деп ойбай салып жатыр екенсіңдер. Ұяттарың қайда өзі? Хайп ұстаймыз деп бізді қалай болса солай ойыншық қылдыңдар ғой. Ойларыңа келгенді саласыңдар. Бүйте беретін болсаңдар, быт-шыттарыңды шығарамын. Адам жалдап, соттасамын», - деді әнші.