Қоғам

«Баламды жер қойнына тапсырғым келеді»: Атырауда өлтірілген қыздың анасы мәйіттің әлі табылмағанын айтты

Марқұмның анасы қызын өлтірген қасгөйлердің тиісті жазасын алғандарын қалайды

Атырауда 18 қазан күні өлтіріп, өзенге лақтырып жіберген 23 жастағы Яна Легкодимовоның денесі әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Марқұмның анасы қызын өлтірген қасгөйлердің тиісті жазасын алғандарын қалайды.

«Маған енді ештеңе көмектесе алмайды. Бірақ баламды жер қойнына тапсырғым келеді. Күдіктілердің тиісті жазаларын алғанын қалаймын»,- деді анасы.

Өз кезегінде «Не молчи» қоры бұл іске кірісіп, қайғыдан қан жұтып отырған ананы адвокатпен қамтамасыз етуге уәде берді.  

«Біз әйелге сотқа дейінгі тергеу жұмыстары мен сот ісіндегі барлық сұрақтарды шешіп беретін адвокат тауып береміз. Тергеу жұмысы ұзақ болады», - деп жазды.