«Үстіне секірген»: Теміртауда 6 адам бір жігітті 3000 теңге үшін соққыға жықты
Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады
Теміртау қаласында алты адам бір жігітті соққыға жыққан. Салдарынан мұрны сынып, бас миы шайқалған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы жәбірленушінің әпкесі әлеуметтік желіде жариялады.
«Кеше сағат 21:30-да інімді алты адам аяусыз соққыға жықты. Белгісіз адамдар оның үстіне секіріп, алтауы бірге бір адамды ұрды. Мұрнын сындырып, құлағынан қан аққан, бас миы шайқалып, саусағы мен тісі сынған. Олардың мақсаты — інімді тонау болды. Небәрі 3 мың теңге үшін осындай қатігездік жасады. Осы жағдаймен бөліскім келді, балаларыңызға қараңыздар», — деді жәбірленушінің әпкесі.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полицейлер күдіктілерді анықтап жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Толығырақ ақпарат қосымша беріледі», - делірнген хабарламада.