Мәдениет

"Көңілі түсіп кетті ғой": Мейрамбек Бесбаевтың әйелі гендер патидің видеосын жариялады (ВИДЕО)

Үшінші баласын Мейрамбек Бесбаев та, келіншегі де ұл болады деп ойлаған

«МузАрт» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаевтың әйелі үшінші сәбиінің гендер пати шарасы қалай өткенін көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Жақында үшінші сәбиін босанған Мархабат Бесбаев өзінің Instagram-дағы парақшасында гендер пати шарасының видеосын жариялады.

Үшінші баласын Мейрамбек Бесбаев та, келіншегі де ұл болады деп ойлаған. Бірақ видеоның соңында шарды жарғанда болашақ сәбилерінің соңында қызды болатынын біледі. Алайда, сол сәтте ұлының көңілі түсіп қалған.

"Осындай сый бергеніне Аллаға шүкір! Жұғысты болсын баршаңызға", - деп жазды Мархабат Бесбаева. 

Желі қолданушылары әнші мен әйеліне жылы лебіздерін білдіріп, бақыт тіледі. Олар "Ұлы ұл күткен ау дим, көңілі түсіп кетті ғой", "Шыны керек бəрімізде ұлды қызға қарағанда ерекше көреміз ғой бірақ ұлға қарағанда қыз жанашыр болады əке шешеге", "Ұл болсын, қыз болсын саналы, тәрбиелі болсын!" деп жазған.