Ақын Құрманай Бақтиярқызы қайтыс болды
Құрманай Бақтиярқызы жетінші рет ота жасатқанын айтқан болатын
Белгілі ақын, асаба Құрманай Бақтиярқызы қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы марқұмның қызы хабарлады.
“Анашым Раббысына қайтты. Дұғада болыңыздар. Артында дұға арнайтын Ханшайым, Толғанай, кенжесі Сұңқар”, - деп жазды ол.
Сонымен қатар, продюсер Гүлзира Айдарбекова желідегі парақшасында бөлісті.
"Жаным Құрмашым, әлі сенер емеспін, жақсы адамым! Жаның жәннатта болсын! Жақында ғана Құрмашым телефон соғып, дауысы саңқ ете қалды: Гүлім менің…, саған арнап жаздым ватсабыңды оқышы деп, жіберіп еді, қоштасқың келіп, айта-айта жүрсін дедің ба екен", - деді ол.
Айта кетсек, Құрманай Бақтиярқызы жетінші рет ота жасатқанын айтқан болатын.
"Алланың Құдіретінің шексіздігіне айқын көз жеткізген сынақ болды. 99/1 пайыз соңғы үмітпен жетінші рет ота жасалды, төрт күн өту керек, сол уақыттан өтсек бәрі артта қалады деген, дәрігердің сөзін естіген достар барлығына дайын тұрған. Мынау жарық дүниені менсіз елестете алмайтын жан досымның сағынып көріскен қуанышы", - деп жазған еді ақын.