Алматы облысында ер адам адамдарды мылтықпен атты
Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді
27 қазан күні Алматы облысы Қонаев маңында ер адам үш адамды мылтықпен жаралады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұған дейін желіде малшы мас күйінде жолдастарына аңшы мылтықпен оқ атқаны туралы ақпарат пайда болған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне шығарылды, бір жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.
«Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 39 жастағы күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлайды Алматы облыстық Полиция департаменті.