«Көктайғақ және тұман»: алдағы үш күнге ауа райы болжамы
30 қазанда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК 29-31 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
«Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте атлантикалық циклонының ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және тұман болжанады. 30 қазанда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сонымен қатар жел күшейеді деп күтіліп отыр. Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер болжанбайды», – делінген синоптиктер болжамында.