«Күндіз жұмыста»: белгілі вайнердің әйелі Дана Есеева күйеуінің түрмедегі жағдайын айтты
Күйеуі павлодар колониясынан Алматыға ауыстырылған
Блогер әрі кәсіпкер Дана Есеева вайнер Мейіржан Төребаевтың түрмедегі жағдайын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін сотталған болатын. Бұл туралы блогер келіншек Виктория Новичковаға сұхбат берді.
"Бұрын ол тергеу изоляторында болды. Ұзақ уақыт күтіп, тек 10-15 минут қана кездесе алатынбыз. Қазір ол Алматыда, Павлодардан осында ауыстырылды. Күндіз жұмыста, кешке колонияға оралады", – деді ол.
Айта кетсек, вайнер өткен жылы жаңа жыл алдында отбасына келіп, 10 күн демалып кеткен.