"Мен үшін дұға жасаңызшы": Құрманай Бақтиярқызының денсаулығы жайлы айтқын соңғы видеосы тарады (ВИДЕО)
Ол ойламаған жерден құлап қалатын дертке шалдыққаныны көпшілікке өзі айтқан.
Марқұм сазгер әрі ақын Құрманай Бақтиярқызы бірнеше күн бұрын видео жүктеп, онда денсаулығында өзі түсінбей жатқан жағдайлар болғанын айтқан, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Ақын аурухана төсегінде екпе алып жатып, халықтан өзі үшін дұға етуді сұраған.
"Бүгін тойға барамын деп едім, ауруханадан бір шықтым. Басым айналып, құлап қала беремін. Қан қысымым да төмен болып тұр. Алланың дегені осы болды. Тұсаукесерге барамын деп отыр едім. Жолдан макияж жасатамын деп едім. Ауырмайықшы! Тілекшілерім, мен үшін дұға жасаңыздаршы”, – деген соңғы сөзінде марқұм өнер иесі.